Бокстан Қазақстан қыздар құрамасының мүшесі Рамина Маханова Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ол 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады. Жартылай финалда Рамина Үндістан спортшысы Чандрика Пуджаримен кездесті. Кездесу нәтижесінде үнді боксшысы жеңіске жетті.
Осылайша, Рамина Маханова жарысты қола жүлдемен тәмамдады.
Фото: ҰОК