Сұлтан Зауырбек Аустралиядағы маңызды жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Зауырбек (20-0, 13 КО) австралиялық Джексон Инглендпен (19-3, 10 КО) өтетін жекпе-жектің жаңа күнін жариялап, алдағы айқасқа дайындығы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жекпе-жек 26 қыркүйек күні Аустралияның Квинсленд штатында өтеді. Кездесуде жеңіске жеткен боксшы екінші жеңіл салмақтағы IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына міндетті үміткер атанады.
Сұлтан Зауырбек әлеуметтік желідегі парақшасында жекпе-жектің постерін жариялап, өз ойын жеткізді.
«Бір жыл. 365 күн. Бір мақсат. Мен бұл күнді бір жыл бойы күттім. Күн сайын дайындалдым, ауыр жаттығулардан өттім, өзімді сынадым. Міне, көптен күткен сәт те келді. Жекпе-жек уақыты. Енді сөз емес, іс көрсететін кез. Осы уақытқа дейінгі еңбегімнің нәтижесін рингте көрсетемін. Бір жыл күттім. Енді соңына дейін барамын», - деп жазды боксшы.
Айта кетейік, Зауырбек пен Ингленд арасындағы жекпе-жектің мерзімі бұған дейін бірнеше рет өзгерген. Алғашында кездесу 27 маусымға, кейін 17 шілдеге жоспарланған еді. Алайда екі жағдайда да жекпе-жек кейінге шегерілді.
Фото: Ашық дереккөзден
Әлібек Қасым ресейлік клубтан түскен ұсыныстан бас тартты
Ең көп оқылған