Сұлтан Заурбек титулға міндетті үміткер атану үшін жекпе-жекке шығады
Қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбек (20-0, 13 КО) австралиялық Джексон Инглендке (19-3, 10 КО) қарсы өтетін жекпе-жегінің уақытын білді, деп жазады malimsports.kz.
BoxRec мәліметінше, кездесу 26 қыркүйекте Аустралияның Квинсленд штатында өтеді.
Бұл жекпе-жекте жеңіске жеткен боксшы IBF нұсқасы бойынша екінші жеңіл салмақтағы әлем чемпионы атағына міндетті үміткер атанады. Қазіргі таңда бұл салмақтағы чемпиондық белбеу мексикалық Эмануэль Наварретеға (40-2-1, 33 КО) тиесілі.
Зауырбек пен Ингленд арасындағы жекпе-жек бастапқыда 27 маусымға жоспарланған болатын. Кейін кездесу 17 шілдеге шегерілді. Алайда жекпе-жек тағы кейінге қалдырылып, жаңа дата ретінде 26 қыркүйек белгіленді.
Сұлтан Заурбек соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың сәуірінде Астанада өткізді. Ол кезде қазақстандық боксшы Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Азинга Фузилені (19-3, 12 КО) төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген еді.
Зауырбек кәсіби мансабында әзірге жеңіліс көрмеген. Оның еншісінде 20 жеңіс бар, оның 13-ін нокаутпен тіркеген.
Фото: Ашық дереккөзден
Әлібек Қасым ресейлік клубтан түскен ұсыныстан бас тартты
Ең көп оқылған