457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Сарапшы Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираз жекпе-жегінің фаворитін атады

Америкалық тележүргізуші әрі бокс сарапшысы Марио Лопес қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен WBO тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы Хамза Шираз арасындағы ықтимал жекпе-жек туралы пікір білдірді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бұған дейін WBO ұйымы Хамза Ширазға Жәнібек Әлімханұлына қарсы чемпиондық атағын қорғауды міндеттеген болатын. Алайда британиялық боксшы бұл шешімге қарсылық білдіріп, қазақстандық спортшының соңғы допинг ісіне назар аударған.

Марио Лопестің айтуынша, қазіргі жағдайда қос боксшының мүмкіндігі шамалас.

Жәнібек пен Хамза Шираздың жекпе-жегі өте қызықты болады. Егер Жәнібек соңғы уақытта жиірек жұдырықтасып жүргенде, мен оны фаворит санар едім. Бірақ қазір олардың мүмкіндігі тең. Ұзақ үзіліс пен жаңа салмақ дәрежесіне ауысуы оның өнеріне әсер етуі мүмкін. Ал Шираз тұрақты түрде рингке шығып жүр, деді Лопес.

Сарапшының пікірінше, Хамза Шираз бұл кездесуге аса қызығушылық танытпауы мүмкін. Соған қарамастан, чемпиондық белбеуді сақтап қалу үшін оның таңдау мүмкіндігі шектеулі.

Егер чемпиондық атақ сарапқа салынса, онда екі-ақ жол бар: жекпе-жекке шығу немесе белбеуден бас тарту. Сондықтан ол келіседі деп ойлаймын. Оның үстіне мұндай кездесуге лайықты қаржылық ұсыныс болатыны анық, деп түйіндеді америкалық сарапшы.

Лопес Жәнібек Әлімханұлының шеберлігін жоғары бағалағанымен, ұзақ үзіліс пен жаңа салмақ дәрежесіне бейімделу алдағы жекпе-жектегі басты факторлардың бірі болуы мүмкін екенін атап өтті.

 

Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly/

Ең көп оқылған