Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров (29-0, 20 КО) Алматы қаласында өткен бокс кешінде өнер көрсетіп, кезекті жеңісін тойлады, , деп хабарлайды malimsports.kz.
Бірінші жартылай орта салмақта бақ сынайтын отандасымыз бұл жолы филиппиндік Али Канегамен (12-3-1, 8 КО) кездесті. Он раундқа жоспарланған жекпе-жек толық өтіп, Тұраров төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.
Айта кетерлігі, отандасымыз айқасты алғашқы раундта-ақ мерзімінен бұрын аяқтауы мүмкін еді. Себебі Тұраров қарсыласын бір мәрте есеңгіретіп үлгерді.
Осылайша, Жанқош Тұраров кәсіпқой бокстағы 29-шы жеңісіне қол жеткізді. Ал Канега үшінші рет жеңілді.