Мәзір
Бокс

Жәнібек Әлімханұлының жаңа қарсыласы белгілі болды

Сабина Асқарқызы 195 қаралым
Жәнібек Әлімханұлының жаңа қарсыласы белгілі болды

Орта салмақтағы WBO және IBF чемпиондық белбеулерінің иегері, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) 6 желтоқсанда кубалық WBA чемпионы Эрисланди Ларамен (31-3-3, 19 KO) жекпе-жек өткізетіні белгілі, деп хабарлайды malimsports.kz.

Ал келесі күні IBF ұйымы америкалық Остин «Аммо» Уильямсты (19-1, 13 KO) ресми міндетті қарсылас ретінде бекітуді жоспарлап отыр.

Аммо Уильямс – Жәнібектің IBF тұжырымы бойынша міндетті қарсыласы. Оның қарсыласы көз жарақатына байланысты жекпе-жекке шыға алмады. Сондықтан IBF Уильямсты ресми үміткер етіп бекітті. Ұйым Жәнібек пен Уильямс арасындағы жекпе-жекті тағайындады, бірақ Жәнібек командасы Ларамен өтетін кездесу үшін мерзімді кейінге шегеруге рұқсат сұрады. IBF Уильямсқа 7 желтоқсанда Жәнібек пен Лара арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы міндетті түрде Уильямспен кездесуі керек екенін хабарлады. Бұл – талқыланбайтын шешім. Келесі жекпе-жекте ол бірден бірнеше әлем чемпионының белбеуі үшін жұдырықтасады!, – деді Эдди Хирн.

 Еске сала кетейік, Әлімханұлы мен Лара арасындағы жекпе-жек АҚШ-тың Техас штатының Сан-Антонио қаласында өтеді.

 

 

 

Фото: x.com/qazaqstyle

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар