457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жәнібек Әлімханұлының әлем чемпионы атағынан айырылғаннан кейінгі тағдыры белгілі болды

Бұл кездесуде Дензел Бентли мен Эндри Сааведра өзара күш сынасады.

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулынан айырылғаннан кейін оның алдағы мансабы қандай болатыны белгілі болды.

Boxingscene басылымының мәліметінше, Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) Әлімханұлына өз ұйымы санкциялайтын жекпе-жектерге кемінде бір жыл қатысуға тыйым салған. Алайда бұл шектеу тек титулдық және іріктеу жекпе-жектеріне қатысты. Себебі санкциялаушы ұйымдардың өз юрисдикциясынан тыс боксерлерді толықтай шеттетуге құқығы жоқ.

Осылайша, қазақстандық боксшы рингке қайта оралған кезде оның қолында тек бір ғана чемпиондық белбеу қалуы мүмкін.

Сонымен қатар бұрынғы чемпион мәртебесін қалпына келтіру үшін Әлімханұлы тұрақты түрде жарыстан тыс допинг-тесттерден өз қаражаты есебінен өтіп, таза сынамалар ұсынуы тиіс.

Егер боксшы рингке оралғаннан кейін 160 фунтқа дейінгі салмақта қалып, WBO чемпиондық белбеуін сақтап қалса, онда оның міндетті қарсыласы 4 сәуірде өтетін аралық титул үшін жекпе-жекте анықталады. Бұл кездесуде Дензел Бентли мен Эндри Сааведра өзара күш сынасады.

Фото: @janibek_alimkhanuly/Instagram