457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жәнібек Әлімханұлына қатысты жағымсыз ақпарат тарады

Егер оның допинг тестісінің екінші нәтижесі де оң болып шықса, «Қазақ стиліне» қатысты тәртіптік шаралар қолданылуы мүмкін.

LDUBB Boxing YouTube-арнасының авторы әрі инсайдер Буг Уильямс қазақстандық боксшы, орта салмақтағы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы алдағы күндері бір немесе екі чемпиондық белбеуінен айырылуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды malimsports.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап. 

2025 жылдың желтоқсан айында алынған допинг-сынамада Жәнібек Әлімханұлының ағзасынан тыйым салынған мельдоний препараты анықталған. 8 қаңтар күні сынаманың «B» нұсқасы ашылады деп күтіліп отыр. Егер оның нәтижесі де оң болып шықса, «Қазақ стиліне» қатысты тәртіптік шаралар қолданылуы мүмкін.

Уильямстың жазылушыларының бірі бұл жағдайда IBF ұйымы өзіне тиесілі, қазір бос тұрған чемпиондық титулды 31 қаңтарда өтетін WBC чемпионы Карлос Адамес пен Остин Уильямс арасындағы жекпе-жекке қоюы мүмкін деген болжам айтты.

«Көре жатармыз. Жәнібек келесі аптада титулынан айырылуы мүмкін», - деп жауап берді Буг Уильямс.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлының оң нәтиже көрсеткен допинг-тесті оның 7 желтоқсанда АҚШ-та өтуі тиіс кубалық боксшы Эрисланди Ларамен үш чемпиондық белбеу үшін жоспарланған біріктіру жекпе-жегінің тоқтатылуына себеп болған еді. 

Фото: Ашық дереккөзден