457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жәнібек Әлімханұлы жаңа салмақта чемпиондық атаққа таласуы мүмкін

Жәнібек Әлімханұлы қазіргі таңда жаңа салмақтағы чемпиондық белбеу үшін күреске дайындалып жатыр.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы жаңа салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атағына таласатын мүмкіндікке ие болуы мүмкін, деп хабарлайды malimsports.kz

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық боксшыны екінші орта салмақтағы чемпиондық белбеуге міндетті үміткер ретінде бекіту мәселесін қарастырады.

Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы WBO чемпиондық белбеуінен бас тартқаннан кейін мансабын жаңа салмақ дәрежесінде жалғастыруға дайындалып жатыр. Енді ұйым оның келесі титул үшін күрестегі мәртебесін қарастыруы мүмкін.

The Ring басылымының мәліметінше, WBO президенті Густаво Оливьери қазақстандық боксшының жетістіктерін ескере отырып, екінші орта салмақта міндетті үміткер атану мүмкіндігі бар екенін айтқан.

«Теориялық тұрғыдан Жәнібек өзінің жеңілмеген бұрынғы әлем чемпионы ретіндегі мәртебесіне байланысты жоғары салмақта міндетті үміткер мәртебесін сұрай алады. Енді комитет бұл өтінішті қарастырып, оны Хамза Ширазға қарсы міндетті қарсылас ретінде бекіте ме, жоқ па – соны көреміз», - деді Густаво Оливьери.

21 шілдеде Жәнібек Әлімханұлы екінші орта салмаққа ауысатынын мәлімдеп, орта салмақтағы WBO чемпионы атағынан бас тартты.

Күтулер бойынша, боксшы 2026 жылдың желтоқсан айында дисквалификация мерзімі аяқталғаннан кейін жаңа салмақтағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді.

Әлімханұлының жағдайы

Жәнібек Әлімханұлы Эрисланди Ларамен өтетін жекпе-жек алдында алынған допинг сынамасынан мельдоний анықталғаннан кейін бір жылға жарыстардан шеттетілді.

Допингке байланысты қазақстандық боксшы мен WBA чемпионы Эрисланди Лара арасындағы біріктіруші жекпе-жек өтпей қалды. 2025 жылдың желтоқсан айының басында алынған A сынамасы оң нәтиже көрсеткен болатын.

2026 жылдың 20 қаңтарында B сынамасы да оң нәтиже бергені белгілі болды. Екінші тексерістен кейін де сынамадан мельдоний анықталған.

Жәнібек Әлімханұлы қазіргі таңда жаңа салмақтағы чемпиондық белбеу үшін күреске дайындалып жатыр.