457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жәнібек Әлімханұлы WBO рейтингінде «Канелодан» кейінгі екінші орынға көтерілді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17 жеңіс, 12 нокаут) Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) жаңартылған рейтингінде екінші орта салмақ дәрежесінде бірден екінші орынға көтерілді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан өз еркімен бас тартып, ресми түрде жаңа дивизионға ауысқан қазақстандық боксшы рейтингтің үздік үштігіне бірден енді. Қазіргі таңда оның алдында тек мексикалық жұлдыз Сауль «Канело» Альварес тұр.

WBO тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы – Ұлыбритания өкілі Хамза Шираз. Ал Әлімханұлының рейтингтегі жоғары орны алдағы уақытта чемпиондық жекпе-жекке үміткерлердің бірі болуына мүмкіндік береді.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы биыл шілде айында орта салмақтағы WBO чемпиондық белбеуінен ресми түрде бас тартып, мансабын екінші орта салмақ дәрежесінде жалғастыру туралы шешім қабылдаған болатын. Жаңартылған рейтинг оның жаңа дивизиондағы алғашқы ресми көрсеткіші саналады.

 

Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly