Жәнібек Әлімханұлы ұлттық құраманың жиынына қосылып, дайындықты бастады
Орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Қазақстан ұлттық бокс құрамасының оқу-жаттығу жиынына қосылды. Былғары қолғап шебері рингке оралу алдындағы дайындық жұмыстарын бастап кетті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазір ұлттық құрама Түркістан облысы аумағындағы «Алматау» базасында жаттығу өткізіп жатыр. Оқу-жаттығу жиынына Қазақстаннан бөлек Өзбекстан, Әзербайжан және Қырғызстан құрамалары да қатысып жатыр.
Жәнібек әлеуметтік желідегі парақшасында жаттығу барысынан видео жариялап, алғашқы спаррингтер туралы пікір білдірді.
Барлығыңызға ассалаумағалейкум! Бізде бәрі жақсы. Шымкентте күн ыстық. Қазір спаррингке бара жатырмыз. Біртіндеп қалыпқа келу үшін төрт раундтан жұмыс істейміз, – деді боксшы.
Айта кетейік, бұл оқу-жаттығу кезеңі бокстан Әлем кубогының екінші кезеңі алдындағы соңғы дайындық саналады. Аталған турнир маусым айында Гуйян қаласында өтеді.
Фото: twitter.com/qazaqstyle
Бразилияның үздік ойыншыларының бірі әлем чемпионатына қатыса алмайды
Ең көп оқылған