457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жәнібек Әлімханұлы Теренс Кроуфордпен жекпе-жекке шығуға дайын екенін айтты

Теренс Кроуфордпен суперфайтқа жол ашуы мүмкін.

Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы америкалық абсолют чемпион Теренс Кроуфордпен жекпе-жекке шығуға әзір екенін мәлімдеді.

 Бұған дейін Кроуфорд 6 желтоқсанда өтетін «Kazakh Style» мен кубалық Эрисланди Лара арасындағы айқасты мұқият қарайтынын айтқан еді.

«Иә, біз Кроуфордпен жекпе-жекке дайынбыз. Бұл біз үшін үлкен әрі маңызды айқас болмақ», - деді Әлімханұлы Ларамен болатын кездесу алдындағы сұхбатында.

Ал қарсыласы Эрисланди Лара болашақ жоспарлар туралы пікір білдіруден бас тартып, назарын алдағы кездесуге толық аударғанын жеткізді.

«Қазір бүкіл ойым –  6 желтоқсандағы айқаста. Жәнібек оңай қарсылас емес. Сондықтан басқа ештеңені ойлауға болмайды. Бар күшімді осы жекпе-жекке арнаймын, әрі қарай не боларын кейін көреміз», - деді Лара.

Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лара арасындағы жекпе-жек 6 желтоқсанда өтеді. Бұл айқастың нәтижесі қазақстандық боксшы үшін Теренс Кроуфордпен суперфайтқа жол ашуы мүмкін.

Фото: әлеуметтік желі