Жәнібек Әлімханұлы өз жекпе-жегіне бәс тікпеуді ұсынды
Қазақстан кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы өзінің жекпе-жегіне бәс тікпеуді ұсынды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бұл туралы спортшы әлеуметтік желіде жазба жариялады. Онда ол қазақстандықтарға құмар ойынға бой алдырмау керектігін үндеді.
"Маған әр қазақ қымбат! Ешқайсының шаңырағы шайқалмаса екен деймін! Жастарды құмар ойын ойнамауға, менің жекпе-жегіме ставка тікпеуге шақырамын", - деп жазды боксшы.
Сондай-ақ, Жәнібек Әлімханұлы үшінші белдікке қол жеткізу үшін барын салатынын атады.
Жекпе-жек аптасы! Елге үшінші әлем чемпионы титулын алып барамыз, бұйыртса, - деп тағы жазба жариялады боксшы.
Айта кететін жайт, аталған жекпе-жек кәсіпқой бокс бойынша орта салмақтағы ең маңызды кездесулердің бірі болмақ. Айқаста WBO, IBF және WBA чемпиондық белбеулері бәске тігіледі.
Фото: ҰОК
Темірлан Анарбеков футбол рейтингінде бірінші сатыға тұрақтады
Ең көп оқылған