457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жәнібек Әлімханұлы өз салмағындағы төрт титулды иеленуге ниетті екенін мәлімдеді

Ол қазіргі таңда екі белбеудің иесі. Ендігі мақсаты – орта салмақтағы төрт негізгі чемпиондық титулдың барлығын біріктіру.

Орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, "Kazakh Style" лақап атымен танылған қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы өзінің басты мақсатын жариялады, хабарлайды malimsports.kz.

Спортшы бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Нағыз чемпион төрт титулдың бәрін иеленуге ұмтылуы керек! Егер сенде 1-2 ғана белбеу болса, демек, салмағыңда басқа да чемпиондар әлі бар деген сөз. Чемпион ешқандай титулды өзгеге қалдырмай, барлығын жинауға тырысуы керек! Чемпиондық ұстаным осындай болу шарт деп есептеймін!" - деп жазды Жәнібек.

Ол қазіргі таңда екі белбеудің иесі. Ендігі мақсаты - орта салмақтағы төрт негізгі чемпиондық титулдың барлығын біріктіру.

"Әрине, әрқашан ондай мүмкіндік бола бермейді. Бірақ барынша осы жолда аянбау керек! Мақсат айқын болса, еңбек сол мақсатқа жетелейді!" - деп қосты боксшы.

Фото: Жәнібек Әлімханұлының әлеуметтік желідегі парақшасынан