Жәнібек Әлімханұлы мен Теренс Кроуфорд жекпе-жегі туралы тараған ақпарат қаншалықты рас
АҚШ-тың беделді Sports Illustrated басылымы әлеуметтік желілерде тараған «абсолютті әлем чемпионы Теренс Кроуфорд қазақстандық Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды» деген ақпаратты асыра айтылған және негізсіз деп бағалады, деп хабарлайды malimsports.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Жанкүйерлердің болжамдары Кроуфордтың Боготада өткен WBO конвенциясынан жариялаған сторизінен кейін пайда болған. Видеода бір колоннадағы LED-голограммада алдымен Кроуфордтың суреті, кейін Әлімханұлының бейнесі көрсетілген. Бұл кадрлар желі қолданушылары арасында «2026 жылы екі боксшы жекпе-жек өткізеді» деген пікірлер тудырған.
Өз кезегінде Жәнібек Әлімханұлы бұл жазбаға қысқаша жауап беріп, «Без проблем» деп пікір қалдырған. Бұл оның Кроуфордпен айқасуға дайын екенін меңзегендей әсер қалдырған.
Алайда Sports Illustrated дерегінше, екі суреттің қатар көрсетілуі жай ғана сәйкестік болған.
«Кроуфорд пен Әлімханұлы бейнелері бір-бірімен байланысты емес болуы мүмкін. Болжам бойынша, голограммада WBO чемпиондары салмақ дәрежесіне қарай ретімен көрсетілген. Сондықтан Кроуфорд видеоны сторизден өшірмеген», – деп жазады басылым.
Фото:
Темірлан Анарбеков футбол рейтингінде бірінші сатыға тұрақтады
Ең көп оқылған