Мәзір
Бокс

Жәнібек Әлімханұлы Кроуфордты жекпе-жекке шақырды

Сабина Асқарқызы 94 қаралым
Жәнібек Әлімханұлы Кроуфордты жекпе-жекке шақырды

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы, америкалық Теренс Кроуфордпен (42-0, 31 КО) жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Оған дейін орта салмақта WBO және IBF белбеулерінің иегері Әлімханұлы өз дивизионындағы барлық титулды біріктіруді мақсат етіп отыр.

«Бұл туралы не ойлайсыздар, достар? Келер жылдың мамыр айына дейін менде барлық төрт белбеу болады. Ал егер сол уақытқа дейін Кроуфорд өз дивизионында төрт титулын сақтап қалса, 2026 жылдың күзінде екі абсолютті чемпионның кездесуі өтеді!» – деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.

Айта кетейік, Әлімханұлына жетіспей тұрған WBA белбеуі кубалық Эрисланди Лараның (31-3-3, 19 КО) иелігінде, ал WBC титулы доминикандық Карлос Адамеске (24-1-1, 18 КО) тиесілі.

 

 

Фото: kz.kursiv.media

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар