457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жәнібек Әлімханұлы көптен күткен қарсыласымен жекпе-жекке шығады

Ол WBC белбеуінің иегері, доминикандық Карлос Адамеспен жұдырықтасып, чемпиондық атақтарды біріктіруді жоспарлап отыр. 

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы тарихи мәні бар айқас өткізбек, деп хабарлайды malimsports.kz.

Ол WBC белбеуінің иегері, доминикандық Карлос Адамеспен жұдырықтасып, чемпиондық атақтарды біріктіруді жоспарлап отыр. 

Белгілі испандық комментатор әрі тележүргізуші Фернандо Сабатини әлеуметтік желідегі парақшасында:

«Карлос Адамес маған Жәнібек Әлімханұлымен унификациялық жекпе-жек оның келесі айқасы болатынын айтты», – деп жазды.

Адаместің өзі де растады:

«Біз ұзақ уақыт бойы келісімге келе алмай жүрдік, алайда бұл кездесу енді сөзсіз өтеді. Ұйымдастыру жұмыстары аяқталуға жақын. Келісімге қол жеткізуге аз қалды», – деді ол.

Айқас уақыты мен орны

Әзірге жекпе-жектің нақты күні мен өтетін жері ресми түрде жарияланған жоқ. Дегенмен инсайдерлердің пікірінше, бұл кездесу екі чемпионның да келесі айқасы болатыны анық.

Жәнібектің жетістіктері

2022 жылы Әлімханұлы WBO чемпионы атанды.

2023 жылдың 14 қазанында неміс боксшысы Винченцо Гуалтьериді жеңіп, IBF белбеуін иеленді.

Қазіргі таңда оның кәсіпқой рингтегі көрсеткіші – 17 жекпе-жек, 17 жеңіс (12 нокаутпен).

Қарсыласы жайлы

Карлос Адамес кәсіпқой бокста 25 айқас өткізіп, оның 24-інде жеңіске жеткен (18 нокаутпен), тек бір рет қана жеңілген.

Жақында Жәнібек Әлімханұлы өзі де жанкүйерлеріне орта салмақтағы көптен күткен үлкен айқасты ресми түрде жариялау жақын қалғанын айтқан еді. Сол кезде қарсыласын құпия сақтап қалған боксшының келесі қарсыласы – Карлос Адамес болып шықты.

Фото: instagram/janibek_alimkhanuly