457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жәнібек Әлімханұлы карьерасына қатысты жұмбақ мәлімдеме жасады

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлеріне әлеуметтік желі арқылы жұмбақ хабарлама жолдады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Достар, жақында керемет жаңалық естисіздер. Дайын болыңыздар! – деп жазды боксшы Instagram-дағы сторисінде.

Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың сәуірінде өткізген. Сол кездесуде қазақстандық боксшы орта салмақтағы IBF және WBO чемпиондық белбеулерін иеленіп, франциялық конголық Анауэль Нгамиссенгені мерзімінен бұрын жеңген болатын.

Кейін Жәнібектің келесі қарсыласы WBA чемпионы Эрисланди Лара болуы керек еді. Біріккен жекпе-жек 2025 жылдың желтоқсанына жоспарланғанымен, кездесуге бір апта қалғанда қазақстандық боксшының допинг сынамасы оң нәтиже көрсеткен. Осыдан кейін ол бір жылға жарыстан шеттетіліп, IBF титулынан айырылды.

Кейін Әлімханұлы WBO белбеуінен де өз еркімен бас тартып, екінші орта салмаққа ауысатынын мәлімдеді. Енді қазақстандық боксшы жаңа салмақ дәрежесінде чемпиондық белбеулер үшін күресуді көздеп отыр.

Қазіргі таңда Әлімханұлы допингке қатысты бір жылдық дисквалификациясын өтеп жатыр. Оның шеттетілу мерзімі 2026 жылдың желтоқсанында аяқталады.

Боксшы рингке оралуға дайындалып жатыр. Бұған дейін Жәнібектің жақын уақытта АҚШ-қа барып, сол жерде жаттығуын жалғастыратыны хабарланған.

 

Фото: Steve Marcus/Getty Images

Ең көп оқылған