457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жәнібек Әлімханұлы Канеломен жұдырықтасуға ниетті екенін айтты

Қазақстандық боксшы, орта салмақтағы WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мексикалық жұлдыз Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Әлімханұлының айтуынша, ол бұл айқас үшін салмақ дәрежесін көтеруге де қарсы емес. Қазақ боксшысы әлеуметтік желідегі парақшасында Канеломен кездесуді өзінің басты мақсаттарының бірі ретінде атап өтті.

«Канелоға қарсы шығу – менің негізгі мақсатым. Қажет болса, екінші орта салмақ дәрежесіне көтерілуге дайынмын. Бұл жекпе-жекті көптеген жанкүйерлер де күтеді деп ойлаймын», – деді ол.

Қазіргі таңда Жәнібек орта салмақта (72,6 келіге дейін) өнер көрсетсе, Канело екінші орта салмақтағы (76,2 келіге дейін) ең танымал боксшылардың бірі саналады. Сондықтан ықтимал кездесу үшін қазақстандық спортшы жоғары салмаққа ауысуы керек.

Айта кетейік, Сауль Альварес келесі жекпе-жегін 2026 жылдың 12 қыркүйегінде Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткізеді. Оның қарсыласы – жеңіліп көрмеген француз боксшысы Кристиан Мбилли. Бұл айқаста WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы сарапқа салынады.

 

Фото: ©x.com/qazaqstyle