457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жәнібек Әлімханұлы допинг сынамасын тапсырды

Жәнібек 6 желтоқсанда WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, 42 жастағы Эрисланди Ларамен қолғап түйістіреді. 

Қазақстандық былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы WBO, IBF және WBA белбеулері үшін біріккен титулдық жекпе-жек алдында допинг сынамасын тапсырды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақпараттың жазуынша, бұл жөнінде Qazaq Style лақап атымен танымал боксшы Instagram-да жазба жариялаған. Әлімханұлының жеке парақшасындағы Stories жүйесінде қан сараптамасының суреті бейнеленген. 

Мен қашанда таза спортты қолаймын. Спортшының допингті қолдануына қарсымын. Біз VADA-ға тест тапсырдық, кеше нәтижесі келді - барлығы таза, - деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.

Отандасымыз бүгінге дейін WBO, IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағына ие болған. Енді Жәнібек 6 желтоқсанда WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, 42 жастағы Эрисланди Ларамен қолғап түйістіреді. 

Бұл жекпе-жек АҚШ-тың Техас штатында орналасқан Сан-Антонио қаласында өтеді. Аталған бокс кешінде Ламонт Роуч пен Исаак «Питбуль» Крус та өзара кім мықтыны анықтайды.

Жәнібек Әлімханұлы 1993 жылы 1 сәуірде дүниеге келген. Әуесқой бокста 2013 жылы әлем чемпионы атағынып, сол жылы Азия чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді.

2015 жылдан бері кәсіпқой бокста 17 жекпе-жек өткізіп, соның барлығында жеңіске жеткен. 

Фото: Ашық дереккөзден