457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жәнібек Әлімханұлы бірден чемпиондық жекпе-жек өткізуі мүмкін

World Boxing Organization (WBO) президенті Густаво Оливьери қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының жаңа салмақ дәрежесінде бірден чемпиондық титул үшін жекпе-жек өткізуге мүмкіндік алуы ықтимал екенін айтты, деп хабарлайды malimsports.kz.

WBO басшысы берген сұхбатында Әлімханұлы бұрынғы жеңіліс көрмеген әлем чемпионы ретіндегі мәртебесіне сүйеніп, жаңа дивизионда чемпиондық жекпе-жекке міндетті үміткер болуға өтініш бере алатынын мәлімдеді.

«Теориялық тұрғыдан алғанда, Жәнібек жеңіліс көрмеген бұрынғы әлем чемпионы ретіндегі мәртебесіне сүйеніп, жоғары салмақ дәрежесінде міндетті үміткер болуға өтініш бере алады. Енді комитет бұл өтінішті қарап, оған Хамза Ширазбен чемпиондық жекпе-жекке міндетті үміткер мәртебесін бере ме, жоқ па – соны күту керек», – деді Густаво Оливьери.

Еске салсақ, 33 жастағы Жәнібек Әлімханұлының қанынан тыйым салынған зат анықталғаннан кейін ол уақытша жарыстардан шеттетілген болатын.

Осыған дейін қазақстандық боксшы орта салмақта IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанды. Кейін IBF оның чемпиондық белбеуінен айырса, WBO титулы өзінде қалды.

Желтоқсанда аяқталатын дисквалификация мерзіміне дейін оның командасы орта салмақтағы WBO белбеуінен бас тартып, екінші орта салмаққа ресми ауысу туралы шешім қабылдады.

Боксшының менеджері Берік Сұлтанның айтуынша, Әлімханұлы бұрынғы әлем чемпионы ретінде жаңа салмақта бірден чемпиондық жекпе-жекке шығуға үміткер бола алады. Бұл дивизиондағы ықтимал қарсыластарының қатарында Сауль Канело Альварес, Эдгар Берланга, Хамза Шираз және Хайме Мунгия бар.

 

Фото: instagram/janibek_alimkhanuly