Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақтағы IBF және WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы өзінің спорттағы ең үлкен арманы туралы мәлімдеді. Оның айтуынша, мансаптағы басты мақсат – әлемнің абсолютті чемпионы атану, деп хабарлайды malimsports.kz.
«Әлемнің абсолютті чемпионы болу – мен үшін ең биік мақсат. Маған даңқ та, ақша да, марапат та маңызды емес. Мен тарихта қалғым келеді. Қазақтан шыққан тұңғыш абсолютті әлем чемпионы болуға тиіспін! Бұл – менің ұлтым үшін орасан зор мәнге ие», – деді Жәнібек әлеуметтік желідегі парақшасында.
Қазіргі таңда Әлімханұлы орта салмақтағы ең мықты боксшылардың бірі саналады. Ол 2022 жылы WBO, 2023 жылы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанып, кейін белдіктерін бірнеше мәрте сәтті қорғады. Әлемдік бокс тарихында абсолютті чемпион атану үшін спортшы салмақ дәрежесіндегі төрт негізгі тұжырымның (WBA, WBC, IBF, WBO) белдігін біріктіруге тиіс.
Фото: sportarena.kz