457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жәнібек Әлімханұлы Александр Усикпен бірлесіп жаттығу өткізді

Бұл сәттің бейнежазбасын Әлімханұлы өзінің Instagram парақшасында жариялады. 

Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы украиналық супержұлдыз Александр Усикпен бірлесіп жаттығу өткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бұл сәттің бейнежазбасын Әлімханұлы өзінің Instagram парақшасында жариялады. Бейнежазбада Усик Жәнібекке бірқатар кәсіби кеңестер беріп, асықпауға шақырды.

Ақша өзі келеді. Ең бастысы – атақ, елді, отбасыңды және тегіңді даңққа бөлеу, - деп атап өтті ауыр салмақ дәрежесіндегі абсолютті әлем чемпионы.

Спарринг кезінде Усик қазақстандық боксшыға комбинациялық шабуыл жасау тактикасын да көрсетті. Оның айтуынша, қарсылас қорғанысқа көшкен сәтте, жылдам әрі нақты әрекет жасау – тиімді стратегияның бірі.

Жаттығу соңында Александр Усик Жәнібек Әлімханұлының техникасы мен стиліне жоғары баға беріп, оны «қайталанбас, ерекше боксшы» деп сипаттады.

32 жастағы Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста 17 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен (12 нокаут). Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері 2013 жылғы әлем чемпионы, 2014 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы. Соңғы жекпе-жегінде ол 2025 жылдың сәуірінде франциялық Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Фото: instagram.com/kazproboxing