Мәзір
Бокс

Жәнібек Әлімханұлы алдағы жекпе-жектері туралы айтты

Сабина Асқарқызы 159 қаралым
Жәнібек Әлімханұлы алдағы жекпе-жектері туралы айтты

Орта салмақта IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) алдағы жоспарлары мен ықтимал қарсыластары туралы айтты, деп хабарлайды malimsports.kz.

32 жастағы отандасымыз 6 желтоқсанда рингке оралып, WBA чемпионы кубалық Эрисланди Ларамен (31-3-3, 19 KO) күш сынасады. Бұл кездесуде бірден үш чемпиондық белбеу – IBF, WBO және WBA нұсқалары сарапқа салынады.

Бокс сарапшыларының пікірінше, егер екінші орта салмақта абсолютті чемпион, америкалық Теренс Кроуфорд (40-0, 31 KO) салмақты төмендетіп, орта салмаққа түсетін болса, алдымен WBC чемпионы Карлос Адамеспен (24-1-1, 18 KO) жұдырықтасуы керек. Осылайша ол WBC белбеуін иеленіп, кейін Жәнібек пен Лара айқасының жеңімпазымен кездесіп, төрт белбеу үшін абсолютті чемпиондық жекпе-жек өткізуі мүмкін.

Алайда Әлімханұлы бұл сценариймен келіспейтінін айтты. Оның пікірінше, Кроуфордқа Адамеспен жұдырықтасудың қажеті жоқ.

«Кроуфордқа Адамеспен айқасудың еш қажеті жоқ. Мен Лара мен Адаместі де жеңемін, төрт белбеудің бәрін өзім аламын. Содан кейін ол асықпай менімен жекпе-жекке дайындала береді», – деді Жәнібек.

Бұған дейін қазақстандық боксшы үш белбеу үшін өтетін жекпе-жектен кейін де үлкен айқастар күтіп тұрғанын айтқан болатын.

 

 

Фото: Qazaq Style team

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар