Мәзір
Бокс

Жәнібек Әлімханұлы алдағы жекпе-жегі туралы батыл мәлімдеме жасады

Сабина Асқарқызы 220 қаралым
Жәнібек Әлімханұлы алдағы жекпе-жегі туралы батыл мәлімдеме жасады

Орта салмақтағы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) өз жанкүйерлерін алдағы жекпе-жегіне байланысты қызықты мәлімдемемен қуантты.

Шетелдік инсайдерлердің хабарлауынша, қазақстандық боксшы 6 желтоқсанда WBA белбеуінің иегері, кубалық Эрисланди Ларамен біріккен (унификациялық) жекпе-жек өткізеді. Бұл айқас орта салмақтағы басты оқиғалардың бірі болмақ.

Қазір Әлімханұлы АҚШ-та жаттығу өткізіп, рингке оралуға дайындалып жатыр. Ол алдағы кездесу өз пайдасына шешілетініне сенімді.

«Жақында... жеңіл жұмыс!» - деп жазды боксшы әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, бұл жекпе-жек Жәнібектің 2025 жылғы екінші айқасы болмақ. Бұған дейін ол 2024 жылдың 5 сәуірінде Астанада француз Анауэль Нгамиссенгені нокаутқа түсіріп, айқын жеңіске жеткен еді.

Фото: әлеуметтік желі

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар