Ангелина Лукас нокаутпен аяқталған жекпе-жегінен кейін мәлімдеме жасады
Қазақ боксшысы Ангелина Лукас Instagram парақшасында кәсіби рингтегі 16-шы жеңісінен кейін мәлімдеме жариялады. Спортшы жанкүйерлерге алғысын білдірді, деп хабарлайды malimsports.kz.
3 желтоқсан күні Дубайда (БАӘ) өткен турнирде Лукас танзаниялық Эгине Каянгені нокаутқа жіберіп, WBF тұжырымы бойынша екінші наилегчайщий салмақтағы (52,2 кг дейін) чемпиондық атақты жеңіп алды.
«Мен рингке бір ғана оймен шықтым - сіздерді жерге қаратпау. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев боксты ұлттық спорт түрі деп жариялады, және мен үшін бұл – ел намысын ұлттық спортта қорғау үлкен мәртебе әрі жауапкершілік. Бүгін мен елім үшін жеңіс сыйлауға міндетті болдым - және мен оны орындадым», - деді Лукас.
Ол жетістігіне мақтанышпен қарайтынын және командасына, демеушілеріне және қолдау көрсеткен барлық жанкүйерлерге алғыс білдіретінін айтты.
«Каирдегі 20 күндік ауыр дайындық пен жекпе-жектен кейін қалпыма келдім, себебі мен БАӘ-де рингке шығып, Қазақстанның туын көтеруді армандадым. Хабар күтіп, алаңдаған баршаңызға рахмет. Бұл - біздің ортақ жеңісіміз. Алға - абсолютті әлем чемпионы атағына!» - деп қосты спортшы.
Тағы бір жарияланымында Лукас бүкіл отбасына үлкен үй сатып алуды армандайтынын айтқан болатын.
Фото: ашық дереккөзден
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған