World Boxing-тің 2025 жылғы Конгресі Римде өтеді

Алғашында Үндістанда өтуі жоспарланған World Boxing халықаралық федерациясының кезекті Конгресі 2025 жылдың 23 қарашасында Италия астанасы Рим қаласында ұйымдастырылады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бұл шешім World Boxing өкілдері мен Үндістан бокс федерациясы арасындағы келіссөздер нәтижесінде қабылданды.
Конгресс барысында федерацияның президенті мен Атқарушы комитет мүшелері сайланады. Сонымен қатар олимпиадалық бокстың дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қарастырылмақ.
Айта кетейік, Әлем кубогының финалдық кезеңі бұрынғы жоспарға сәйкес Үндістан астанасы Нью-Делиде өтеді. Аталған жарыс 2025 жылдың 17-22 қарашасы аралығында ұйымдастырылады.
Фото: Ашық дереккөзден


Ең көп оқылған
