World Boxing ұйымы жуырда Ливерпульде өткен әлем чемпионатына қатысқан спортшылардың Instagram-дағы танымалдығы жөнінде деректерді жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Рейтингтің көшін екі дүркін әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай бастап тұр. Оның парақшасына 214 мың адам жазылған. Екінші орынға өзбекстандық Олимпиада чемпионы Абдумалик Халоков жайғасқан. Оның аудиториясы – 173 мың. Ал үздік бестікке тағы бір қазақстандық спортшы, үш мәрте әлем чемпионы атанған Назым Қызайбай кірді. Оның Instagram-дағы жазылушылары – 123 мың.
«2025 жылғы маусымда біздің чемпиондар тек рингте ғана емес, әлеуметтік желілерде де жарқырап, жанкүйерлерімен әлемнің түкпір-түкпірінде байланыс орнатты. Назарларыңызға әлем чемпионатының ең көп жазылушысы бар боксшыларын ұсынамыз. World Boxing 2025 үздік бестігінде Instagram-да жалпы 800 мыңға жуық жанкүйер бар», – делінген ұйым хабарламасында.
Фото: sportplustv.kz