World Boxing қазақ боксшыларына сыйақы бермеген
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Sports.kz сайтына берген сұхбатында 2025 жылы Англиядағы әлем чемпионатынан кейін World Boxing ұйымы қаржылай сыйақы бермегенін айтты, деп жазады malimsports.kz.
Жоқ, World Boxing тарапынан ешқандай жүлде болған жоқ, – деді ол.
Еске сала кетейік, Ливерпуль қаласында өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Боксшыларымыз жеті алтын, бір күміс және екі қола медаль еншілеп, үздік нәтижеге қол жеткізді.
Ерлер құрамасы төрт алтын медаль жеңіп алды. Чемпион атанғандар:
Санжар Тәшкенбай (50 кг дейін),
Махмұд Сабырхан (55 кг),
Торехан Сабырхан (70 кг),
Айбек Оралбай (+90 кг).
Бұл жетістік қазақстандық бокстың әлемдік деңгейде әлі де мықты екенін дәлелдеп отыр.
Фото: ҰОК баспасөз қызметі
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған