457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

World Boxing Олимпиада іріктеу кезеңдерінің өтетін елдерін белгіледі

Атқарушы комитет 2027 жылғы құрлықтық іріктеу турнирлері мен 2028 жылғы қос әлемдік іріктеу турнирін өткізуге үміткерлерді қарастырды.

Глазгода World Boxing атқарушы комитетінің жиыны өтті. Халықаралық федерация мамандары Лос-Анджелес 2028 Олимпиада ойындарына дайындық және бүкіл әлемде боксты одан әрі дамыту барысын талқылап, сондай-ақ ауқымды стратегиялық, спорттық және басқару мәселелерін қарастырды, деп хабарлайды malimsports.kz
Президент Геннадий Головкин мен бас хатшы Том Диленнің төрағалығымен өткен бұл жиынның басты назарында 2027-2029 жылдарға арналған ірі халықаралық жарыстарды, соның ішінде Олимпиадаға іріктеу кезеңдерін өткізетін елдерді анықтау мәселесі болды.
Атқарушы комитет 2027 жылғы құрлықтық іріктеу турнирлері мен 2028 жылғы қос әлемдік іріктеу турнирін өткізуге үміткерлерді қарастырды. Қазіргі уақытта бұл іріктеу жарыстары бойынша келісімшарт жасау процесі жүріп жатыр.
Келесі әлем чемпионаты Азияда (Астана, Қазақстан) өтетіндіктен, Атқарушы комитет олимпиадалық қос әлемдік іріктеу турнирін өткізу мүмкіндігін Италия мен Мажарстанға беру шешіміне келді.
Осылайша, Құрлықтық Олимпиадалық іріктеу турнирлері:
Америка – АҚШ
Азия – Қытай
Еуропа – Еуропа ойындары, Ыстанбұл
Океания – Самоа (жақын апталарда негізгі құжаттарды тапсыру шартымен)
Африка – Нигерия (жақын апталарда негізгі құжаттарды тапсыру шартымен)
Әлемдік іріктеу турнирлері:
1-ші әлемдік іріктеу турнирі – Италия
2-ші әлемдік іріктеу турнирі – Мажарстан
Өткізу туралы келісімшарт жұмыстары алдағы айларда толық аяқталады.
Сондай-ақ Атқарушы комитет 2027 жылы Астанада өтетін World Boxing әлем чемпионатына дайындық барысын және Лос-Анджелес Олимпиада циклінің соңына дейінгі халықаралық жарыстардың кеңейтілген күнтізбесін қарады.
Жарыс мәселелерінен бөлек, Комитет World Boxing ұйымын басқаруды нығайту мен ұзақ мерзімді дамыту бағытындағы жұмыстарын жалғастырды. Мүшелер 2026 жылдың қарашасында Панамада өтетін World Boxing конгресіне дайындық барысымен, соның ішінде комитет құрылымына және сайлау процедураларына ұсынылатын түзетулермен танысты.

«Бүгінгі талқылаулар мен шешімдер World Boxing шаршы алаңның ішінде де, сыртында да айтарлықтай ілгерілеушілікке жетіп жатқанын көрсетті. Олимпиадалық іріктеу жолын өткізетін елдерді анықтаудан бастап, басқару жүйемізді нығайтуға, жаһандық мүшелігімізді кеңейтуге және Конгреске дайындалуға дейінгі қадамдар арқылы біз Олимпиада қозғалысы аясында бокстың табысты болашағын қамтамасыз ете алатын ашық, әрі қуатты ұйым құрып жатырмыз», – деді World Boxing Президенті Геннадий Головкин. 

Фото: Ашық дереккөзден