World Boxing нұсқасы бойынша алты отандық боксшы әлемнің үздігі атанды
World Boxing ұйымы әлемдік рейтингті жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бұл тізімге Қазақстан құрамасының 30 өкілі енді: оның 15-і ерлер, 15-і әйелдер. Ерекше атап өтерлігі, бірден алты отандық боксшы өз салмақ дәрежесінде көш бастады.
Санжар Ташкенбай (50 кг дейін)
Махмұд Сабырхан (55 кг дейін)
Төрехан Сабырхан (70 кг дейін)
Айбек Оралбай (90 кг-нан жоғары)
Аида Әбікеева (65 кг дейін)
Наталья Богданова (70 кг дейін)
Ерлер рейтингінде Қазақстаннан 15 спортшы бар. Олардың қатарында Нұрбек Оралбай (2-орын) мен Сұлтанбек Айбарұлы (5-орын) да жоғары нәтижелерімен ерекшеленіп отыр.
Әйелдер рейтингінде де 15 қазақстандық боксшы тіркелген. Көш басындағылар қатарында Назым Қызайбай мен Алуа Балқыбекова (екеуі де 2-орын), сондай-ақ Виктория Графеева мен Елдана Тәліпова бар.
Айта кетейік, World Boxing – 2023 жылы құрылған жаңа халықаралық ұйым. Ол IBA-ға балама ретінде құрылып, боксты Олимпиада бағдарламасында сақтап қалу және спорттың ашық әрі әділ дамуын қамтамасыз етуді мақсат етеді.
Фото: ҚБФ
Ең көп оқылған