Мәзір
Бокс

World Boxing кубогінің 2026 жылғы финалы Ташкентте өтеді

Сабина Асқарқызы 116 қаралым
World Boxing кубогінің 2026 жылғы финалы Ташкентте өтеді

Биыл қыркүйек айында Англияның Ливерпуль қаласында өткен әлем чемпионаты барысында World Boxing ұйымы Кубоктың финалдық кезеңін қабылдайтын елдерден өтінім жинаған еді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Соған сай Өзбекстан бокс федерациясы да қатысып, өз ұсынысын ұсынды. Нәтижесінде федерацияның өтінімі World Boxing Атқару комитеті тарапынан мақұлданып, Кубоктың финалдық кезеңін өткізу құқығы Ташкентке берілді.

Осылайша, 2026 жылғы World Boxing Кубогының финалдық жекпе-жектері қараша айында Өзбекстан астанасында ұйымдастырылатын болды.

Кубоктың бірінші кезеңі 2026 жылдың сәуір айында Бразилияда, ал екінші кезеңі маусым айында Қытайда өтеді.

 

 

Фото: https://www.instagram.com/boxinguzbekistan_official/

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар