Мәзір
Бокс

World Boxing: Бүгін бес қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады

Сабина Асқарқызы 66 қаралым
World Boxing: Бүгін бес қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады

Үндістан астанасы Нью-Делиде өтіп жатқан World Boxing ұйымының 2025 жылғы Әлем кубогінің финалдық кезеңінде бүгін екінші жарыс күні өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Қазақстан құрамасынан бүгін бес боксшы өз жекпе-жектерін өткізеді.

Күндізгі сессия (Астана уақытымен 13:30):

• 55 кг – Нұрсұлтан Алтынбек vs Паван Бартвал (Үндістан)

• 75 кг – Аман Қонысбеков vs Жавоҳир Абдурахимов (Өзбекстан)

• 90 кг – Бекзат Танатар vs Навин Кумар (Үндістан)

Кешкі сессия (17:30):

• 50 кг – Нұрзат Оңғарұлы vs Сингх Джадумани Манденгбам (Үндістан)

• 70 кг – Нұрбек Мұрсал vs Ихтиар Нишонов (Қырғызстан)

Айта кетейік, бұл додада Қазақстан құрамасы сегіз ер және бес әйел спортшымен өнер көрсетуде. Турнир 16–20 қараша аралығында жалғасады.

 

 

Фото: ҚФФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар