Мәзір
Бокс

World Boxing боксшылардың жынысын тексереді

Сабина Асқарқызы 78 қаралым
World Boxing боксшылардың жынысын тексереді

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Халықаралық World Boxing федерациясы ер боксшылар үшін міндетті гендерлік тестілеу талабын енгізді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бұл жаңа ереже ұйым өткізетін немесе санкциялайтын барлық жарыстарда қолданылады.

18 жастан асқан ер спортшылар жарысқа қатысу үшін бір рет ПЦР-тест немесе медициналық-генетикалық тексеруден өтуі тиіс. Тест спортшының туған кездегі жынысын анықтау және жарысқа қатысу құқығын растау үшін қажет.

Еске салсақ, әйел боксшыларға арналған міндетті тестілеу 2025 жылдың тамызында енгізілген болатын. Бұл шешім 2024 жылғы Париж Олимпиадасындағы даулы жағдайларға байланысты қабылданған еді.

Биыл қарашада World Boxing президенті болып Қазақстанның аңызға айналған боксшысы Геннадий Головкин сайланды. Сарапшылар жаңа ережелерді ұйымдағы реформалардың бір бөлігі деп бағалап, бокста әділ бәсекені қамтамасыз етуге бағытталғанын айтады.

 

 

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар