457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

WBO Жәнібек Әлімханұлына қатысты шешімінен кейін сынға ұшырады

Блогер WBO шешімін «коррупция» деп атап, ұйымның ұстанымына наразылық білдірді.

YouTube-тағы TRU Boxing арнасының авторы Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлына қатысты шешімін қатаң сынға алды.

Блогер WBO шешімін «коррупция» деп атап, ұйымның ұстанымына наразылық білдірді.

«Мен WBO-ның Жәнібек Әлімханұлына қатысты шешіміне қатты ашулымын! Қалайша боксшыны дисквалификациялап, сонымен бірге оны әлем чемпионы ретінде қалдыруға болады? Ол жекпе-жектерден шеттетілді, бірақ чемпиондық белбеуін сақтап қалды. Оның үстіне, ол допинг-тесттен оң нәтиже көрсеткен! Енді ол бір жыл бойы чемпиондық титулды ұстап отырады, ал допингтен өтпеген басқа боксшылар бос титул үшін жұдырықтаса алмайды. Бұл – бокстағы мен жек көретін жемқорлықтың көрінісі», - деді арна авторы.

Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта WBO нұсқасы бойынша ғана емес, сондай-ақ IBF тұжырымы бойынша да әлем чемпионы болып табылады. Ал Халықаралық бокс федерациясы (IBF) әзірге ресми шешім жариялаған жоқ.

Фото: Top Rank