Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлына (17–0, 12 KO) қатысты туындаған жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды malimsports.kz.
WBO орта салмақтағы чемпиондардың бірі – Жәнібек Әлімханұлының VADA жүргізген тексерісі кезінде алынған сынамасынан қолайсыз нәтиже тіркелгенін растайды. Қазіргі уақытта ұйым ішкі тергеу жүргізіп жатыр және боксшыға түсініктеме беру туралы ресми хабарлама жолданады. Тергеу рәсімі толық аяқталғанға дейін қосымша пікір берілмейді, – делінген мәлімдемеде.
Айта кетейік, Әлімханұлы мен кубалық Эрисланди Лара (31–3–3, 19 KO) арасындағы чемпиондық жекпе-жек 6 желтоқсанда АҚШ-тың Сан-Антонио қаласында өтуі тиіс болған. Тергеу аяқталғанша айқастың тағдыры белгісіз күйде қалып отыр.
Фото: спортс.кз