457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

WBO ұйымы Жәнібек Әлімханұлын бокстан бір жылға шеттетті

Бірақ чемпиондық атақтары боксшының өзінде қалдырылды.

Жәнібек Әлімханұлы тыйым салынған мельдоний заты бойынша оң допинг сынамасына байланысты бір жылға жарыстардан шеттетілді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жаза мерзімі 2025 жылғы 2 желтоқсаннан бастап есептеледі.

Соған қарамастан, оның чемпиондық атақтары өзінде қалдырылды. Шеттету кезеңінде боксшы кәсіби және көрме жекпе-жектеріне қатыса алмайды.

Орта салмақта бәсекелестікті сақтау үшін WBO уақытша чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізуге рұқсат берді. Рейтингтің бірінші нөмірі Дензел Бентли екінші сатыдағы Энди Сааведрамен кездеседі.

Ұйым шешімі бойынша, шеттету мерзімі аяқталған соң Әлімханұлы уақытша чемпионмен міндетті түрде айқасуы тиіс. Бұл талап орындалмаса, қосымша санкциялар қолданылуы мүмкін.

 

 

Фото: Жәнібек Әлімханұлының Instagram-дағы парақшасынан