457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

WBO Дмитрий Биволға Каллум Смитке қарсы чемпиондық жекпе-жек өткізуді міндеттеді

WBO мәліметінше, тараптарға жекпе-жек өткізу туралы келісімге келу үшін 20 күн уақыт берілген.

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы Дмитрий Биволды уақытша чемпион, Ұлыбритания өкілі Каллум Смитке қарсы титулын қорғауға міндеттеді, деп хабарлайды malimsports.kz

WBO мәліметінше, тараптарға жекпе-жек өткізу туралы келісімге келу үшін 20 күн уақыт берілген. Егер осы мерзімде келісім жасалмаса, промоутерлік сауда (purse bid) ұйымдастырылады. Ал боксшылардың бірі жарақат немесе басқа да себептермен жекпе-жекке шыға алмаса, чемпиондық белбеу бос деп жариялануы мүмкін.

Еске салсақ, 30 мамырда Дмитрий Бивол Германия өкілі Михаэль Айфертті төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіп, WBA және IBF тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін қорғап қалған еді.

Қазіргі таңда Биволдың кәсіпқой бокстағы көрсеткіші – 25 жеңіс (11-і нокаутпен) және 1 жеңіліс. Жалғыз жеңілісін ол абсолютті әлем чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жекте Артур Бетербиевтен алған.

Ал 36 жастағы Каллум Смиттің еншісінде 31 жеңіс (23-і нокаутпен) және 2 жеңіліс бар. Ол бұған дейін Сауль «Канело» Альвареске және Артур Бетербиевке есе жіберген.

Айта кетейік, Бивол мен Смит бұған дейін әуесқой бокста, 2012 жылдың ақпанында кездескен. Ол жекпе-жекте Дмитрий Бивол жеңіске жеткен болатын.

Фото: ТАСС