457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

WBC рейтингінде қазақстандық боксшылардың жаңа орындары белгілі болды

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жаңартылған тізімге сәйкес, қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов орта салмақтағы көшбасшылық орнын сақтап қалды. Екінші орында Куба өкілі Йоэнлис Эрнандес тұрса, алғашқы үштікті Франция боксшысы Билал Джкиту қорытындылады.

Аталған салмақтағы WBC чемпиондық белбеуі Доминикан Республикасының өкілі Карлос Адамеске тиесілі. Ал уақытша чемпион мәртебесі америкалық Хесус Рамосқа берілген.

Сондай-ақ қазақстандық Бекман Сойлыбаев екінші жартылай жеңіл салмақтағы рейтингте бір саты төмендеп, 39-орынға жайғасты.

 

Фото: ©instagram.com/meiirim.nursultanov