Мәзір
Бокс

Виктория Графеева әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Сабина Асқарқызы 28 қаралым
Виктория Графеева әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының ширек финалдық жекпе-жектері басталды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жетінші жарыс күнінің күндізгі сессиясында Қазақстан құрамасы сапынан бірінші болып шаршы алаңға әйелдер құрамасының өкілі Виктория Графеева шықты. 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Виктория 1/4 финалда Өзбекстан боксшысы Ситора Турдыбековамен кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, екінші қазақстандық боксшы әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды. Бұған дейін 70 келі салмақтағы Наталья Богданова жартылай финалға шыққан болатын.

Айта кетейік, күндізгі сессияда рингке тағы бірнеше қазақстандық спортшы шығады: Махмұд Сабырхан (55 кг), Төрехан Сабырхан (70 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг); Елдана Тәліпова (+80 кг) және Сағындық Тоғамбай (90 кг).

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар