Мәзір
Бокс

Виктория Графеева әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Сабина Асқарқызы 72 қаралым
Виктория Графеева әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының алтыншы жарыс күні қазақстандық боксшылар үшін сәтті басталды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жерлестерімізден екінші болып шаршы алаңға шыққан Виктория Графеева әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды.

60 келі салмақта бақ сынаған қазақстандық спортшы 1/8 финалда ағылшын боксшысы Люси Кингс-Уитлимен кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бүгін күндізгі сессияда Махмұд Сабырхан (55 кг) және Нұрбек Оралбай (80 кг) өз жекпе-жектерін өткізеді.

Сурет: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар