Усик әлемнің үздік боксшысы атанды
Аса ауыр салмақтағы украиналық боксшы Александр Усик Pound-for-Pound (P4P) рейтингінде қайтадан үздіктер легін бастады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Танымал боксшы Р4Р рейтингінің бірінші сатысына суперорта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Теренс Кроуфордтың мансабын аяқтағанын жариялауынан кейін қайтадан жоғары көтеріліп отыр. Бұл ретте ол кезекті рет әлемдегі ең үздік боксшы ретінде құрметке ие болды.
2025 жыл қорытындысы бойынша дүние жүзі бойынша Р4Р рейтингі төмендегідей:
Александр Усик (Украина) — 24-0-0 (15 KO)
Наоя Иноуэ (Жапония) — 31-0-0 (27 KO)
Джесси Родригес (АҚШ) — 23-0-0 (16 KO)
Дмитрий Бивол (Ресей) — 24-1-0 (12 KO)
Артур Бетербиев (Ресей) — 21-1-0 (20 KO)
Дзюнто Накатани (Жапония) — 31-0-0 (24 KO)
Шакур Стивенсон (АҚШ) — 24-0-0 (11 KO)
Дэвид Бенавидес (АҚШ) — 31-0-0 (25 KO)
Девин Хэйни (АҚШ) — 33-0-0 (15 KO)
Оскар Коллазо (АҚШ) — 13-0-0 (10 KO)
Шілде айында Александр Усик Лондонда британдық Даниэль Дюбуаға қарсы айқас өткізіп, қарсыласын бесінші раундта нокаутқа түсірген еді. Осылайша ол екінші рет суперауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы атанған болатын.
Фото: Ашық дереккөзден
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған