Усик алдағы уақытта Украина президенті атануға ниетті екенін жеткізді
Әйгілі украиналық боксшы Олександр Усик өзінің саяси жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды malimsports.kz.
Усик украиналық тележүргізуші Андрей Бедняковпен әңгіме барысында жүргізуші спортшының алдағы жоспарларын сұраған. Боксшы кәсіби мансабын жақын жылдары аяқтап, басқа салаға ауысуы мүмкін екенін жасырмады.
«Тағы бір-екі жыл бокстасамын, содан кейін мемлекетке қызмет ету жоспарым бар», - деді Усик.
Басылымның жазуынша, Бедняков әзілдеп, спортшы Конотоп қаласының әкімі болуды көздеп отырған шығар деген.
Бұған жауап ретінде чемпион: «Қара, мен президенттен төмен қызметке бармаймын», – деп мәлімдеді.
Айта кетейік, Усик бұған дейін де Украинаны басқару ниеті бар екенін айтқан болатын. Бұрын ресейлік пранкерлермен әңгімесінде ол президенттік сайлауға қатысуы мүмкін екенін жоққа шығармаған.
Дегенмен әзірге боксшы спорттық мансабын жалғастырып жатыр. Жақында оның келесі жекпе-жекте кикбоксинг аңызы нидерландтық Рико Верхувенмен кездесетіні белгілі болды.
Фото: Getty Images
Дастан Сәтпаевты «Челси» капитанының әкесі жаттықтырады
Ең көп оқылған