457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Үш қазақстандық боксшы U19 Азия чемпионатында топ жарды

Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санаттары арасындағы Азия чемпионатында финалдық жекпе-жектер басталды, деп хабарлайды malimsports.kz.

15 шілдедегі күндізгі сессияда U19 санатындағы қыздар арасындағы финалдар өтіп, Қазақстан құрамасының үш боксшысы Азия чемпионы атанды.

70 келіге дейінгі салмақта Камила Оспанова финалда өзбекстандық Мафтуна Янгиеваны жеңіп, алтын медаль иеленді.

80 келіге дейінгі салмақта Айдана Убайдуллақызы үндістандық Мегха Шеокандтан басым түсіп, чемпион атанды.

Ал 80 келіден жоғары салмақта Зарина Толыбай Үндістан өкілі Прачи Токасты жеңіп, Қазақстан қоржынына үшінші алтын жүлдені салды.

Осылайша, U19 санатындағы Азия чемпионатын Қазақстан құрамасы 3 алтын және 5 қола медальмен аяқтады.

Бұған дейін Мадира Жұмақан (48 кг), Едіге Нұрғожа (55 кг), Ақнұр Тұрсынғали (57 кг), Айсұлу Мұхит (65 кг) және Жалғас Өтебеков (90 кг) қола жүлдеге ие болған еді.

Айта кетейік, 15 шілдеде кешкі сессияда U23 жас санатындағы әйелдер арасында финалдық жекпе-жектер өтеді. Ал 16 шілдеде ерлер арасындағы чемпиондар анықталады.

 

Фото: ҰОК