457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ұлан-Батырдағы Азия чемпионатына қатысатын жұлдызды боксшылар белгілі болды

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтетін бокстан Азия чемпионатына құрлықтың ең үздік былғары қолғап шеберлері қатысады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Аталған турнирде Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, сондай-ақ жаңа буынның жарқын өкілдері бақ сынайды.

Asian Boxing ұйымының мәліметіне сәйкес, сары құрлық додасына қатысушылар қатарында Қытайдың Олимпиада чемпионы У Юй, Қытай Тайбэйінің тарихи жеңімпазы Линь Юйтин және Қазақстанның Олимпиада жүлдегері Нұрбек Оралбай бар.

Қазақстан құрамасында Нұрбек Оралбайдан бөлек Махмұд Сабырхан, Айбек Оралбай және Валентина Хальзова да бар. Ал Өзбекстан командасынан Сабина Бобокулова, Нигина Уктамова және Ситора Турдибекова секілді жас спортшылар қатысады.

Жалпы, турнирге Азияның әр түкпірінен 250-ге жуық боксшының қатысатыны белгілі болды.

 

 

Фото: ҰОК