457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Украина бокс федерациясы World Boxing шешіміне наразылық білдірді

Украина бокс федерациясы World Boxing ұйымының ресейлік спортшыларды халықаралық жарыстарға ұлттық туы мен мемлекеттік рәміздерімен қатыстыру туралы шешіміне байланысты ресми наразылық жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Федерацияның әлеуметтік желідегі мәлімдемесінде Украина тарапы қабылданған шешімді үзілді-кесілді қолдамайтыны айтылған. Сондай-ақ ұйым World Boxing басшылығына ресми наразылық жолдап, бұл мәселедегі ұстанымын әрі қарай да қорғайтынын мәлімдеді.

Украина бокс федерациясы World Boxing ұйымының ресейлік спортшыларды халықаралық жарыстарға ұлттық рәміздерімен қатыстыру туралы шешімін үзілді-кесілді қолдамайды. Ресми наразылық жолданды. Біз алдағы уақытта да украин боксының мүддесі мен халықаралық спорттың іргелі құндылықтарын қорғауды жалғастырамыз, – делінген федерацияның мәлімдемесінде.

Еске салсақ, World Boxing ұйымының президенті қызметін қазақстандық боксшы, бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин атқарады.

 

Фото: worldboxing.org