457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Төрехан Сабырхан Испаниядағы жарысты жеңіспен бастады

Төрехан Кабо-Верде елінің өкілі Айлтон Монтейромен жұдырықтасты.

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite-2026 халықаралық турниріндегі алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен бастапқы кездесуде Төрехан Кабо-Верде елінің өкілі Айлтон Монтейромен жұдырықтасты. Жекпе-жек бойы қазақстандық боксшы айқын басымдық танытып, үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен (5:0) жеңіске жетті.

Осылайша, Төрехан Сабырхан жарыстың келесі кезеңіне жолдама алды. Айта кетейік, 19 жастағы спортшы былтыр Англияның Ливерпуль қаласында өткен World Boxing ұйымының тарихындағы алғашқы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында алтын медаль жеңіп алған жеті боксшының бірі болды. Сонымен қатар, ол жасөспірімдер мен жастар арасында Азияның төрт дүркін чемпионы және World Boxing нұсқасы бойынша 2025 жылғы әлем чемпионы атанған.

Маңызды дерек ретінде, бұл турнир – Қазақстан ерлер құрамасының жаңа бас бапкері Нұржан Насановтың жетекшілігіндегі алғашқы ресми жарыс. Ол бұған дейін бұл қызметті атқарған Қайрат Сәтжановтың орнын басты.

Boxam Elite-2026 турнирі 3-7 ақпан аралығында өтеді, ал Қазақстан аталған бәсекеге ерлер және әйелдер құрамаларымен қатысып жатыр.

Фото:  ҰОК