Мәзір
Бокс

Төрехан Сабырхан бокстан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті

Сабина Асқарқызы 118 қаралым
Төрехан Сабырхан бокстан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz. 

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен ширек финалда отандасымыз тәжікстандық Шамшер Саидовқа қарсы шаршы алаңға шықты.

Үш раундтың қорытындысы бойынша Төрехан 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша Төрехан Сабырхан кем дегенде қола жүлдені өзіне қамтамасыз етті.

Айта кетейік, бұған дейін 1/4 финалға Оразбек Асылқұлов (60 келіге дейін) пен Ертуған Зейнуллинов (65 келіге дейін) өткен еді.

Фото: ҰОК 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар