Мәзір
Бокс

Төрехан Сабырхан әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Сабина Асқарқызы 29 қаралым
Төрехан Сабырхан әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан бокстан ересектер арасындағы әлем чемпионатында Төрехан Сабырхан дебют жекпе-жегін өткізіп, турнирді жеңіспен бастады, деп хабарлайды malimsports.kz.

70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін отандасымыз алғашқы айналымда алжирлік Эсуф Яичемен жұдырықтасып, ұпай санымен жеңіске жетті. Төрехан үшінші раундта қарсыласын екі мәрте нокдаунға жібергенін айта кеткен жөн.

Енді кеші сессияда тағы үш боксшымыз жұдырықтасады. 60 келіде Бибарыс Жексен филиппиндік Джунмилардо Огаиримен, 60 келіде Виктория Графеева косовалық Донета Садикумен және 75 келіде Надежда Рябец қытайлық Лина Уангпен келесі кезең жолдамасы үшін жұдырықтасады.

 

 

Сурет: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар