457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Төрехан Сабырхан 19 жасында тарих жасады

Сабырхан финал жолдамасын жергілікті боксшы Одель Камарамен сарапқа салды

Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing әлем чемпионатында қазақстандық жас боксшы Төрехан Сабырхан (70 келі) финалға жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Сабырхан финал жолдамасын жергілікті боксшы Одель Камарамен сарапқа салды. Қарсыласы бастапқы раундта төрешілердің төртеуінің қолдауына ие болса да, қазақстандық боксшы келесі раундтарда өз үстемдігін көрсетті.

1-раунд: Эмоцияға толы өтті, төрешілердің төртеуі Камараны басым деп таныды.

2-раунд: Төрехан дәл әрі сенімді қимылдап, таразы басын теңестірді. Бұл раундты тікелей ринг жанынан әйгілі чемпион Александр Усик тамашалады.

3-раунд: Шешуші кезеңде Сабырхан бірінші нөмірлі боксшы ретінде белсенді қимылдады. Камара қауіпті шабуылдармен қарымта қайтарғанымен, төрешілердің шешімімен жеңіс 4:1 есебімен қазақстандыққа берілді.

Финалдағы қарсылас

Осылайша, Төрехан Сабырхан финалға шығып, алтын медаль үшін жапондық тәжірибелі боксшы Севон Окадзавамен кездеседі.

Жас чемпионның жолы

2006 жылы туған.

2024 жылы жастар арасында әлем чемпионы атанды.

Жастар мен жасөспірімдер арасында төрт дүркін Азия чемпионы.

2025 жылғы Странджа кубогының жеңімпазы.

Ересектер арасында қатысқан алғашқы маусымынан бастап үш бірдей турнирде топ жарып, әр доданың үздік боксшысы атанды.

Турнирдегі нәтижесі

Ливерпульде өтіп жатқан бұл әлем чемпионатында Сабырхан финалға дейін үш бірдей қиын айқастан сүрінбей өтіп, қазақ жанкүйерлерінің сенімін ақтап келеді.

Фото: Бокс федерациясы